Hyundai Kokshetau
Көкшетау қ., Сулейменова 33Б
01 маусым 2021
Hyundai Auto Kazakhstan автомобильдерді онлайн сатудың онлайн-шоурумын іске қосады

• Hyundai онлайн-шоурумы кез келген банк картасының көмегімен толық төлемді қоса алғанда, Hyundai автомобилін онлайн-режимде сатып алудың барлық циклынан өтуге мүмкіндік береді

• Автомобильді жанасусыз онлайн сатып алу процесті жылдам әрі ыңғайлы етеді

«Hyundai Auto Kazakhstan» компаниясы Сіздердің назарларыңызға Hyundai автомобильдерін онлайн сатудың онлайн-шоурумын ұсынады. Осы онлайн-шоурумның функционалы салонда бар автомобильді таңдаудан бастап оны төлеуге дейінгі барлық сатып алу процесін қамтиды және кез келген цифрлық құрылғыдан және Қазақстанның кез келген нүктесінен жаңа Hyundai автомобилін сатып алуға мүмкіндік береді.

Болашақ цифрландыруға батыл қадамдар жасайтын және онлайнсатып алу туралы стереотиптерді өзгертетін кез келді. Енді Hyundai автомобильді қашықтықтан сатып алудың толық циклын клиенттеріміз үшін барынша қарапайым, ыңғайлы және қауіпсіз форматта өтуіне мүмкіндік береді. Бұл онлайн-шоурумның артықшылығы - Hyundai автомобилін үйден шықпай-ақ, бір рет шерту арқылы сатып алуға болатындығында.

Жанасусыз сатып алу үшін Hyundai онлайн-шоурумынаhttps://showroom.hyundai.kz/ компьютерден, планшеттен немесе смартфоннан кіру жеткілікті. Қажетті модельді таңдағаннан кейін оның жиынтықталымын, жабдықталуы мен түсін көрнекі 3D визуализациясы арқылы егжей-тегжейлі зерттеуге болады, сонымен қатар сатып алғаннан кейін автомобильді алып кетуге ыңғайлы болатын Hyundai-нің ең жақын ресми дилерін анықтауға болады.

Төлем де толығымен онлайн банктік картамен жүзеге асырылады. Толық сома болған жағдайда сатып алушы бірден төлқұжат деректері бойынша цифрлық қолтаңбаны қалыптастыруға және электрондық сатып алу-сату шартына қол қоюға көшеді.

Ортақ болашағымызға батыл қадам жасайтындардың алғашқысы болыңыз. Hyundai автомобильдерін онлайн сатып алу болашағы.

 

Өзіңізге деген қамқорлықпен,

Сіздің Hyundai.